Жаңалықтар

Қорытынды ақпарат

«Жас заңгерлердің достастығы» қоғамдық қоры «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҰАО-ның мемлекеттік гранты бойынша «Азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ҮЕҰ мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл деңгейін арттыру» әлеуметтік жобасын Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауы мен жүзеге асырады.

2020 жылдың 11 қарашасында әлеуметтік жобаның қорытындысы бойынша есеп беру кездесуі өткізілді.

Әлеуметтік жоба теориялық және практикалық маңызға ие болды және азаматтардың құқықтарын қорғау саласындағы проблемаларды шешуге бағытталған. 250-ден астам азамат тегін заңгерлік кеңес алды.

Қазақстан Республикасының азаматтары Семей қаласы, Абай көшесі 94, 4 кабинетте консультациялық кеңсеге, сондай-ақ @zakonideti инстаграмм аккаунты, Facebook әлеуметтік желісі және www.mirprava.of-smu.kz веб-сайты арқылы келіп, сұрақтарына жауап ала алды.

Халықты өз құқықтарының қорғалуы туралы ақпараттандыру үшін 10-нан астам тақырыптық пост құрылды, 15000 қаралымға ие болған 10 инфографика және 2 видео 200000-нан астам қаралды.

400-ден астам ақпараттық-құқықтық материалдар дайындалды, олар білім беру іс-шараларын өткізу кезінде таратылды. Сондай-ақ, 100 дана көлемінде жастар мен жұмыс жөніндегі мамандармен жаттықтырушыларға арналған жастарға құқықтық білім беру бойынша әдістемелік құрал жасалды.

Заң факультетінің студенттеріне арналған құқықтық мектептер өткізілді, онда 80-нен астам адам қатысты. Нәтижесінде өңірлерде білім беру құқықтық іс-шараларын өткізетін 15 жаттықтырушы іріктелді.

Сондай-ақ, жастарға, ҮЕҰ өкілдеріне және ҚР халқына семинар-тренингтер мен дәрістер өткізілді. 400-ден астам адам өздерінің құқықтарымен оларды қорғау тәсілдері туралы объективті ақпараталды.

@qogam.gov.kz @zakonideti @cisc_official
#smu2020-2 #cisc2020 #qogamgov